Алматыда оңай олжаға кенелмек болған алаяқ 3 жылға сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда оңай олжаға кенелмек болған алаяқтың 3 жылға бас бостандығы шектелді. Үкімді Медеу аудандық соты шығарды.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, В.В. Сорокин 2011 жылдың мамыр-қыркүйек аралығында 2 адамның сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен ақшасын алған.

Ең алдымен ол бір танысына микронесие ұйымында жұмыс жасаймын деп алдап, сол ұйымда кепілде тұрған тұрғын үй мен «LexusGS450h» маркілі көлікті арзан бағаға алып берем деп сендірген.

Сөйтіп оның 5 136 000 теңгесін қолды еткен.

Кейін және бір азаматты кепілде тұрған «Субару Трибека» немесе «Тойота Хайландер» маркілі автокөліктерін де төмен бағамен алып беремін деп алдап, 1 840 000 теңгесін алған.

Сот отырысы барысында В.Сорокин өз кінәсін толығымен мойындап, жасалған іс- әрекетіне өкінетіндігін айтты.

№2 Медеу аудандық сотының үкімімен В.Сорокин ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен (алаяқтық) көзделген қылмыстық іс әрекеті үшін кінәлі деп табылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. ҚР ҚК 63-бабының негізінде В.Сорокинге тағайындалған жаза шартты деп өзгертілді.

Соңғы жаңалықтар