Алматыда «омикрон» штамына байланысты локдаун енгізіле ме

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирустың «омикрон» штамына байланысты локдаун енгізіле ме? Бұл сұраққа брифинг барысында Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда «омикрон» штамы тіркелген жоқ. Сондықтан бұл мәселе әзірге талқыланбайды. Алматыда қазір локдаун енгізуге ешқандай себеп жоқ. Себебі, қала «жасыл» аймақта. Аурушаңдық көп тіркеліп, қаламыз «қою қызыл» аймаққа өтсе ғана бұл мәселе талқыланатын болады», – деп жауап берді Жандарбек Бекшин.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қалада 9 желтоқсан күні 55 адамнан вирус анықталды.

Ауруханада барлығы 225 адам, оның ішінде (төрт бала) емделіп жатыр.

Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты.


Соңғы жаңалықтар