Алматыда «Олимп» букмекерлік компаниясының 21 тіркелмеген кассасы әшкереленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Олимп» букмекерлік компаниясының салық органдарында тіркелмеген 21 кассасы әшкереленді.

Бұл туралы қалалық Салық департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қалалық Салық департаменті тіркелмеген ойын бизнесі нысандарын тексеруді жалғастыруда. Тексеру нәтижесінде «Олимп» букмекерлік компаниясының салық органдарында тіркелмеген 21 кассасы заңсыз жұмыс істеп тұрғандығы анықталды. ҚР Салық кодексінің 585-587 бабына сәйкес компания басшылығына аталған кассаларды салықтық тіркеуге қойып, заңбұзушылықты жою туралы талап қойылды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар