Алматыда оқыту қаруларын ұрлаған қылмыскерлер ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы колледждерінің бірінде алғашқы әскери дайындық сабағы кабинетінен бірнеше оқыту қаруларының жоғалғандығы туралы хабарланған. Муляж қаруларды ұрлады деген күдікпен 20 жастағы екі жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күдіктілердің бірі жұмыссыз болса, екіншісі жоғары оқу орныдарының бірінде оқиды.

«Олар кабинетке кіру үшін терезе торын кескен. Кейін «АКС-74» маркалі автоматтың 4 муляжын (атылмайтын, тек оқытуға арналған), 2 «ИЖ-60» пневматикалық пистолетті қолды қылған. Осылайша қылмыскерлер 220 мың көлемінде шығын келтірді. Полицияға колледж директоры арыз жазған.

Қылмыстық іс қозғалған соң тергеушілер күдіктілерді тапты. Қазір олар ешқайда кетпеу туралы қол хат жазып, үйлерінде отыр», - деді Бостандық ауданы ІІБ полиция бөлімінің басшысының бірінші орныбасары Құмарбек Кеншінбаев.

Тәркіленген қарулар қазір іс материалдарына айғақ зат ретінде тіркелді. Сұрақ-жауап кезінде жастар қылмыс туралы ойламағандарын, тек қаруды қызықтағандарын айтып ақталды.

Соңғы жаңалықтар