Алматыда оқушыны қағып кеткен полицей жұмысынан кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда патруль көлігімен оқушыны қағып кеткен полиция қызметкері жұмысынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Тәртіптік комиссияның шешімімен, Алматы қаласы ІІД басшысының 13 наурыздағы бұйрығымен, жаяу жүргіншіні қаққан кезде көлік рулінде болған Алматы қаласы ІІД ӘПБ ЖПП ҚҚ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Н.Тумабаев ішкі істер органындағы жұмысынан шығарылды, сондай-ақ оның серігі, Алматы қаласы ІІД ӘПБ ЖПП ҚҚ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Б.Кембебаев та лауазымынан босатылды», - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған жол-көлік оқиғасын тергеумен қалалық ІІД Тергеу басқармасы айналысуда.

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші заң талаптары бойынша жауапқа тартылады. Өндірістегі іске қатысты қажетті сараптамалар тағайындалады.

Айта кетейік, 13 наурыз күні таңертең Алматыда 2007 жылы туған мектеп оқушысын жаяу жүргінші жолағында жол-патруль полициясы қағып кетті.  

Соңғы жаңалықтар