Алматыда оқушыларға Шәкәрімнің мұрасы таныстырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық оқушылар Шәкәрім өлеңдерінен білім деңгейін паш етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматыда И.Крылов атындағы қалалық орталық кітапханасында белгілі қазақ ақыны, философ, ойшыл композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған мерекелік іс шара өткен болатын.

Жиын «Бір ел - бір кітап» және жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Жиын барысында музыка, өнер,  әдебиет өкілдері, кітапханашылар баяндама оқып, жас кәсіби әртістердің театрландырылған қойылым қойды.

Жастарға Шәкәрімнің сирек кездесетін тарихи суреттері көрсетілді.
null

null   

«2006 жылдан бастап «Бір ел - бір кітап» деген акция басталды. Біз сол акцияны Абайтанудан бастадық. Бүгін  Шәкәрімтануды іс шарамен атап өттік. Ондағы мақсатымыз - жастар өткенін ұмытпасын деген тілек. Сол кездің өзінде Шәкәрім полиглот, жан-жақты интеллектуал болған. Әр қазақ жігіті Шәкәрім секілді болайын, тіл білейін деп өзін өзі дамытса деген тілек. Сол үшін белгілі актер Бекжан Тұрысты, әнші Еркін Шүкіманды шақырдық», - деді кітапхана меңгерушісі Дару Қаржаубаева.
null

null  

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Қазқайта жаңарту» РМК бас директоры Жандос Әубәкір Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасы туралы кеңінен айтып өтті.

«Мен өзім Шәкәрімнен алыстаған жоқпын. Оның мұрасы болашаққа азық. Абай музейінде жүргенде де, Шәкәрімнің бір қырын ашуға тырысатынбыз. Құнды деректерді іздеумен болдық. Шәкәрім орыс  жазушысы Толстоймен хат алысқан ақын. Ол хаттар жете алмады. Бұл кісінің жан жақтылығы бала кезінен өнер, білімге бейімділігі анық болған. Өз киімін өзі тігіп алатын болған. Өнертапқыштығы өз алдына гармон, скрипка жасаған. Шәкәрім мұралары кеңестік идеологияның кесірінен қаншама уақыт бойы зерттелмей қалды. Оның мұрасын әлі де зерттеу керек. Шәкәрім мұрасы болашақтың қамы үшін жасалған үлкен құнды дүниелер», - деді Жандос Әубәкір.

Ал дәстүрлі әнші Еркін Шүкіманов ақынның қазақ музыкасына қосқан үлесін айтып өтті.

«Шәкәрім тек ақын ғана емес аудармашы, тарихшы. Оның қазақ мәдениетіне қосқан үлесі зор. Бала күнінен бастап домбыра, қобыз үйренген. Скрипка, баян үйренуге тырысқан. Орыстың балалайкасын үйренген. Шәкәрімнің артында жалпы 30 жуық әні қалды. Бірақ, олардың барлығы  түгел жетпеді», - деді Еркін Шүкіман.
null 

Отырыс соңында жасөспірімдер Шәкәрімнің мұрасын қаншалықты білетіндіктерін көрсетті.


null null null  

Соңғы жаңалықтар