Алматыда оқушыларға кәсіпкерлік сабағы оқытылатын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан мектептерінде тұңғыш рет  «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізіледі. Пилоттық жоба Алматы қаласында Ы.Алтынсарин атындағы №159 көп салалы гимназиясында басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы сабақ 10-11 сынып оқушылары үшін қазақ тілінде өтеді.

Оқушылар үшін арнайы дайындалған таңдау пәнін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі бірлесіп әзірледі.

Жаңа пән 2018-2019 оқу жылында республика мектептерінің оқу бағдарламасына енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар