Алматыда оқушылар уытты баллонмен уланып ауруханаға түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мектеп оқушылары уытты баллонмен уланып ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай №173 мектепте болған. Қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек «мектепте жарылыс болды» деген қауесетті жоққа шығарды.

«Мектепке уытты баллонның ішіндегі бұрыш шашыраған. Қазір полиция болған оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп жатыр», - деді Салтанат Әзірбек.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бірнеше баланың зардап шеккенін растады. Қазір оқушылар дәрігерлердің қарауында.
№173 мектеп өкілдері төтенше жағдай түскі сағат 4-тер шамасында үлкен қоңырау кезінде болғанын хабарлады. 7 сынып оқушылары дәлізде уытты баллонды шашып алған. Соның кесірінен 10 шақты бала зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар