+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Алматыда оқушылар дүйсенбіден бастап бейнесабақ арқылы оқиды

2020 жылғы 3 сәуір 19:31
Бөлісіңіз:
Алматыда оқушылар дүйсенбіден бастап бейнесабақ арқылы оқиды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда оқушылар дүйсенбіден бастап бейнесабақ арқылы оқиды. Бұл туралы бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, сабақтар Алматы телеарнасында көрсетіледі.

«Дүйсенбіден бастап «Алматы» телеарнасынан бейнесабақтарды көрсетуді бастаймыз. Жұмыс күндері сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін 9-11 сынып оқушыларға негізгі пәндер бойынша сабақ беріледі. Бұл — қашықтан берілетін сабақтарға қосымша жақсы мүмкіндік. Барлығымыз, педагогтер де, ата-аналар да оқытудың жаңа жүйесіне тезірек бейімделгеніміз жөн. Карантин аяқталғаннан кейін де оқу үрдісінің жалпы деңгейін төмендетіп алмай жалғастыруымыз маңызды«, - деді әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әкім, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT