Алматыда оқушы қызды бас салған ер адам психдиспансерге жатқызылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелерінің бірінде оқушы қызды бас салған ер адам психдиспансерге жатқызылды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы көшелерінің бірінде ер адамның оқушы қызды бас салып, мойнынан тістегені туралы әлеуметтік желіде ақпарат тараған болатын. ІІД баспасөз қызметінің растауынша, әлгі адам кетіп бара жатқан қыздың артынан бас салған, бірақ тістеу фактілері болмаған.

«7 сынып оқушысына шабуылдаған 1988 жылғы азамат ұсталды. Ақыл -есі дұрыс емес азамат көшеден өткендерге тиіскен. Оқиға орнына келген дәрігерлер оны психоневрологиялық диспансерге жатқызды. Бұған қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті» - деді Салтанат Әзірбек.

Арайлым Жолдасбай

Соңғы жаңалықтар