Алматыда оқушы қашып кеткен интернаттың директоры қызметінен босатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жасөспірім оқушы қашып кеткен мектеп-интернаттың директоры лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көзі нашар көретін және зағип балаларға арналған № 4 Островский атындағы коррекциялық мектеп-интернаттың директоры Р.Б.Нұрахметов лауазымынан босатылды», - деді қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, 15 жастағы жасөспірім Дамир Серікұлы 12 желтоқсанда аталған оқу орнынан қашып кеткен болатын. Кетер алдында ол анасына мектептегі сыныптастарымен тіл табыса алмай жүргенін айтып шағымданған.

Кейін оқушы әпкесінің үйінде жүрген жерінен табылды.

Соңғы жаңалықтар