+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Алматыда оқудан шығып қалған колледж студенттерін алдап, ақша жинаған әйел ұсталды

2020 жылғы 3 наурыз 22:45
Бөлісіңіз:
Алматыда оқудан шығып қалған колледж студенттерін алдап, ақша жинаған әйел ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы колледждердің бірінде қойма меңгерушісі болып жұмыс істейтін әйел оқудан шығып қалған студенттерге көмектесем деген желеумен олардан ақша жинаған.

Ұқсас жаңалықтар
Тұмау тарайтын уақытта коронавирустың да белсенділігі байқала бастады - дәрігер Жамбылдық оқушылардың 60 пайыздан астамы қашықтан білім алып жатыр Алматыда әйел тұрғындарды мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беремін деп алдаған

Қазіргі таңда күдіктінің осындай 20-дан астам әрекетке қатыстылығы тексерілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу орнының шаруашылық саласында жұмыс істейтін 55 жастағы күдікті Г. ақшасын уақытында төлей алмауына байланысты оқудан шығарылып жіберген студенттердің мәселесін шешіп беретінін және оларға грант бойынша білім алуға көмектесе алатынын айтқан.

«Түптеп келгенде әйел адамның өзі берген уәделерін шешуге ешқандай мүмкіндігі болмаған және ол уәдесін орындаймын деп те ойламаған. Ал қызметінің ақылы екені түсінікті. Ол өзі «шешпек» болған мәселелердің әрқайсысы үшін 300 мыңнан 500 мың теңге аралығында ақша алған. Жағдайлары онсыз да мәз емес студенттер болса, оқуын жалғастыру үшін барын салып, қажетті соманы тауып берген. Енді сотқа дейінгі өндірістің қатысушыларына осы жағдай сабақ болады деген ойдамын. Өйткені мәселені мұндай жолмен шешу біріншіден, заңсыз, екіншіден, шығынға батырады»,-деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Болат Тобыбаев.

Күдіктің тергеу абақтысына жабылып, іс ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша (алаяқтық) тіркелді.

Осы ретте полиция күдіктінің мұндай істерді бұрын да жүзеге асырып келгенін ескере отырып, оның әрекеттерінен зардап шеккендер болса, 254-48-00; 254-48-01 и 254-48-02 телефондарына хабарласу қажеттігін ескертеді.

Еламан Тұрысбеков


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT