+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда өкпесінің 64 пайызы қабынған 87 жастағы әжей жазылып шықты

2020 жылғы 30 шілде 16:18
Бөлісіңіз:
Алматыда өкпесінің 64 пайызы қабынған 87 жастағы әжей жазылып шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда провизорлық орталыққа өкпесінің 64 пайызы қабынып түскен 87 жастағы әжей жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шардара ауданында коронавирус жұқтырған науқастар саны 90 пайызға азайған ШҚО әкімі Семей медициналық мекемелеріне жаңа автокөлік кілттерін табыс етті Қостанай облысында провизорлық стационардың жұмысы тоқтатылды

Бұл туралы онлайн-брифинг кезінде Психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшеев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Психикалық сауықтыру орталығының М. Мақатаев көшесіндегі филиалы пандемияға байланысты провизорлық орталыққа айналып жұмыс жасауда. Осыдан екі-үш апта бұрын мұнда күніне 20-25 науқас түскен болса, қазір орта есеппен 8-10 адамға азайды.

«Психикалық сауықтыру орталығының М. Мақатаев көшесіндегі филиалы 5 наурыздан бастап провизорлық орталыққа айналып, қызмет жасап келеді. Шетелден ұшып келген 1800 азаматтың барлығы осы орталықта болды. Оның 152-нен инфекция анықталып, оларды жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырдық. Бірінші шілдеден бастап біздің орталықта 350 провизорлық төсек жасалды. Яғни М. Мақатаев көшесіндегі орталықта 180 төсек болса, Ә. Кекілбаев көшесінде - 170», – деді спикер.

Провизорлық орталықта 296 медицина қызметкері жұмыс жасайды.

«Өкпесі қабынған науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетіледі. Сырқаттарға қабынуға, бактерияға қарсы, сондай-ақ антикоогулянтті терапия және оксигенотерапия қолданылады. Бұл емнің бәрі Денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен хаттамасы бойынша жүргізілуде. Біздің орталықта 10 реанимациялық төсек және 6 ИВЛ аппараты бар. Жыл соңына дейін тағы 4 ИВЛ аппаратын аламыз деп жоспарлап отырмыз», – деді орталық басшысы.

Осы айдың басынан аталған провизорлық орталықтан 499 адам ем алып, жазылып шыққан. Оның ішінде 87 жастағы әжей де бар.

«1933 жылы туған апамыз біздің ауруханаға түсіп, 18 күн жатып, ем қабылдады. Бес күн реанимацияда жатты. КТ рентгені арқылы өкпесінің 64 пайызы қабынғаны анықталды. Ол кісі тиісті емнің арқасында он сегіз күннің ішінде сауығып шықты», – дейді Сапар Рахменшеев.

Айта кетсек, провизорлық орталық ашылғалы бері жасы 55-тен жоғары 207 науқас емделген. Оның 152-сі жазылып шықса, қалғандары ем қабылдап жатыр. Бүгінде Мақатаев көшесіндегі провизорлық орталықта 103 адам, ал Ә.Кекілбаев көшесіндегі орталықта 125 науқас ем алуда. Яғни бұрынғыдай емес науқастар саны азайған әрі бос орындар да бар.

Директордың айтуынша, пандемияға қарамастан орталық өзінің тікелей міндеттерін тоқтатқан жоқ. Яғни диспансерлік бақылауда тұрған психикалық я болмаса наркологиялық ауытқулары бар ауруларды орталыққа жатқызып, емдеу жүргізілуде. Психологиялық көмек көрсету де тоқтатылған жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT