+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Алматыда өкпесі 90% зақымданған жүкті әйел босанды

2020 жылғы 4 тамыз 21:18
Бөлісіңіз:
Алматыда өкпесі 90% зақымданған жүкті әйел босанды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық дәрігерлер өкпесі 90% зақымданған жүкті әйелді аман-есен босандырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавируспен ауырғандар қай жерде оңалтудан тегін өте алады Коронавируспен ауырмау үшін қандай ережелерді қатаң сақтау керек Коронавирус: Шетелдіктердің Қазақстанда тұру мерзімі ұзартылды

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2 шілде күні Алматы қаласындағы №2 перзентханаға 23 жастағы әйел жүктіліктің 38 аптасында жоспарлы түрде босануға келген.

«Ол перзентханаға жоғары температура, жөтел және ентігумен түсті. Науқасты тексеру кезінде дәрігерлер COVID-19, екі жақты полисегментарлы пневмония диагнозын қойды. Сонымен қатар, тексеру барысында науқастың өкпесінің 90% зақымданғаны анықталды. Науқас дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Ал, келесі күні оның толғағы басталды. Перзентхана дәрігерлердің командалық жұмысы мен олардың үйлесімді әрекетінің арқасында салмағы 3 келіден асатын ұл бала дүниеге келді», - деп хабарлайды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Босанғаннан кейін Динараның (науқас) жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Сондықтан ол 27 күн бойы жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету апаратына қосылды. Тек 29 шілде күні ғана науқастың жағдайы жақсарып, бейінді бөлімшеге ауыстырылды.

«Ақ халатты абзал жан, керемет дәрігер, реанимация бөлімінің жетекшісі – Гүлнұр Алтайқызы Байболоваға алғысым шексіз және маман ретінде ғана емес, адам ретінде жоғары бағалаймын. Мені осындай дәрігерге жолықтырған үшін Аллаға ризамын. Сондай-ақ, осы №2 перзентхананың барлық медицина қызметкерлеріне науқастарға үлкен жауапкершілікпен және құрметпен қарап, тынымсыз еңбегіне, сапалы медициналық қызметі мен қамқорлығы үшін алғыс айтамын. Дәрігерлер маған екінші өмір сыйлады және осы кісілердің арқасында әлі өзім көрмеген дені сау сәби дүниеге келді. Бүгін сәбиімді бірінші рет көріп, құшағыма басамын», - дейді Динара Серікбол.

Дүниеге COVID-19 симптомы жоқ, дені сау нәресте келді. Сәбиді перзентханадан екі күннен кейін шығарған. Қазіргі уақытта ол ата-әжесінің қолында. Баланың атын Омар деп қойды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT