+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда өкпесі 100% зақымданған 84 жастағы қария жазылып шықты

2020 жылғы 11 тамыз 20:43
Бөлісіңіз:
Алматыда өкпесі  100% зақымданған  84 жастағы қария жазылып шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда фтизиопульмонологиялық орталықта коронавирустен екі қарт адам емделіп, үйлеріне шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәләметінше, олардың бірі 84 жастағы қария, оның өкпесі 100% зақымдалған. Науқас ауруханаға 19 шілде күні коронавирустық инфекция диагнозымен түскен. Ол құрғақ жөтелге, жалпы әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін 16 күн күресті.

«Науқас жансақтау бөлімінде 16 күн жатты. 8 күн инвазивті ӨЖЖ аппаратында болды. Жағдайы қалыпқа келгеннен кейін науқас бөлімшеге емделуге ауыстырылды»,– дейді Фтизиопульмонология орталығының директоры Жанар Сапиева

Екінші науқас – 78 жастағы әже. Ол екі жақты полисегменттік пневмония диагнозымен ауруханада бір айдан астам уақыт емделді. Науқастың өкпесі 85% зақымданған. Оның айтуынша, ауру аяқ асты басталған, бастапқыда ЖРВИ деп ойлап, үш күн үйінде емделген.

Жанар Сапиеваның айтуынша, пациенттер бүгінде өздерін жақсы сезінеді, жағдайлары қалыпты, емделушілерде коронавирус инфекциясының белгілері байқалмайды. Кеше олар үйіне шығарылып, амбулаториялық деңгейде бақылауға алынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT