Алматыда Нұрсұлтандар қайырымдылық челленджін бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Nur Otan партиясының Нұрсұлтан есімді мүшелерінің ұсынысымен партияның Алматы қалалық филиалының қолдауымен «Армандар орындалады» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Нұрсұлтан есімді 100 азамат арнайы брендтелген автобуспен «Ақсай» республикалық клиникалық балалар ауруханасына барып, ондағы емделіп жатқан 100 баланы мерекемен құттықтап, оларға өздері қалаған бағалы сыйлықтарын табыс етті. Бұл медициналық мекемеде күрделі диагнозы бар балалар ем қабылдайды. Балалардың барлық тілектері алдын ала жиналған болатын», делінген әкімдіктің Telegram-дағы парақшасында.

Шара соңында Тұңғыш Президент саябағында акцияға қатысушылар қайырымдылық челленджін бастап, қазақстандықтарға осы іс-шараны қолдап, науқас балаларға көмек көрсету туралы үндеу жасады. Ауыр дертке шалдыққан балаларға көмек көрсету үшін осы акцияға қатысуға болады. Анықтама үшін Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалына хабарласу керек.

Соңғы жаңалықтар