Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің пәтері мұражайға айналды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қазақтың классик композиторы Нұрғиса Тілендиевтің пәтерінде мұражай ашылды. Салтанатты шараға қала әкімі Ахметжан Есімов, зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері сондай-ақ композитордың жақын-жуықтары қатысты.

Қала басшысы 500-ге жуық музыкалық туындының авторы, биыл 90 жылдығы тойланатын композитордың қазақ мәдениетіне қосқан үлесі ұшан-теңіз екендігін атап өтті. «Алматыдағы көшелердің бірі Нұрғиса Тілендиевтің атында. Өткен жылы ол кісінің атындағы ескерткішті аштық. Осы мұражайдың ашылуы тума талантты еске алудағы кешенді шаралардың дәстүрлі жалғасы болмақ», - деді әкім. Мәдени нысанның экспозициясы ерекше шынайы әсер туғызады. Мұражайға келушілердің назарына хронологиялық тәртіппен орналасқан экспонаттар ұсынылған. Келушілер қолжазба партитурасын, кезінде композиторға анасы сыйлаған антикварлық күйсандық, атақты «Дариға домбыраны» тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар