Алматыда «Нұр Отан» партиясының жаңа форматтағы баспасөз орталығы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының базасында баспасөз орталығының ашылу салтанаты өтті. Аталмыш орталық партияның жаңа медиа саясатының аясында жұмыс істейтін болады.

«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, аталмыш ақпараттық алаң бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жедел әрі жан-жақты нақтылаған ақпараттарды жеткізіп, алмасуға мүмкіндік береді. 

null  

«Нұр Отан» партиясының қалалық баспасөз орталығының ашылуы партияның тұрғындар алдында барынша ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» бағдарламасының «Ашық әрі есеп беретін мемлекет» атты бағытында көрсетілген»,-деп атап өтті Канкуров.

Жаңа орталықтың ерекшелігі сонда, ол мүлдем жаңаша үлгіде жұмыс істейді. Онда мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, жаңа енгізілген заң жобалары, қалалық бағдарламалардың іске асырылу барысы, басқармалардың жұмыс тиімділігі сияқты мәселелер ұдайы қозғалып отырады.

«Бұған қоса бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қала тұрғындары естігілері келетін ел өміріне қатысты ең маңызды, ең өткір деген мәселелерді қозғау жөнінде өтініш бере алады. Осы ақпарат алаңында сонымен қатар, ұйым, мекеме, басқарма өкілдері атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндайды»,-дейді партияның қалалық филиалының баспасөз хатшысы Қайым-Мұнар Тәбеев.

Соңғы жаңалықтар