Алматыда «Нұр Отан» партиясының XVI съезіне қатысатын делегаттар іріктелді (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының отырысы өтті. Жиын барысында Алматы қаласынан «Нұр Отан» партиясының XVI съезіне қатысатын делегаттар іріктелді.

«Мандат комиссиясы бастауыш партия ұйымдарының хатттамаларымен танысып, кезектен тыс сьезге баратын депутаттарды таңдады. Делегат ретінде 151 депутат баратын болды. Олардың барлығы - түрлі сала мамандары. 25 адам - білім беру саласының, 17 адам - өнеркәсіп, 14 - мәдениет пен спорт, 21 - денсаулық сақтау, 15 - ҮЕҰ, 7 - БАҚ саласының мамандары», - деді партия филиалының саяси кеңесі мүшесі, комиссия төрайымы Ханзада Есенова.

Мандат комиссиясы ұсынған депутаттар тізімі бірауыздан ашық дауыс арқылы қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезі 11 наурызда өтетін болды. Тиісті Қаулыға Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.

«Біз үшін бүгінгі бас қосу ерекше маңызға ие. Президенттік сайлауды мерзімінен өткізу туралы барша азаматтар бұл ұсынысты ел ертеңі мен халық болашағы, бейбіт өмірдің берік негізі деп санайды. Қоғамдық ұйымдардың ұтымды ұсынысын саралай келе, Елбасы сайлауды 26 сәуірге белгіледі. Зиялы қауым өкілдері мен жастар оны дер кезінде қабылданған шешім деп тапты. Оған алматылықтар белсенді үн қосудасыздар», - деді қала әкімі А.Есімов.

Соңғы жаңалықтар