Алматыда Nur Otan фракциясының депутаттары аптасына екі рет азаматтарды қабылдайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында «Nur Otan» парламенттік фракциясының депутаттары Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде аптасына екі рет азаматтарды жеке қабылдау өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев партияның күнделікті жұмысын түбегейлі қайта құруды, сондай-ақ Мәжілістегі парламенттік фракцияның жұмысын күшейтуді тапсырды. Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру қажеттілігі туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында да айтты», - деп жазды партияның баспасөз қызметі.

«Nur Otan» партиясының атынан сайланған депутаттар ел тұрғындарымен Мәжілістің бүкіл сессиясы барысында кездесетін болады. Депутатқа өз сұрағын немесе өтініш-тілегін жолдау үшін өзге өңірлердің тұрғындарына Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келу міндетті емес. Ол үшін «Nur Otan» партиясының кез келген аймақтық филиалына келіп, сол жерден бейне байланыс арқылы депутатқа өздерін мазалап жүрген сауалдарын жолдай алады.




Соңғы жаңалықтар