Алматыда нөсер жауынан 19 ағаш құлады
2022 жылғы 11 мамыр 21:55

Алматыда нөсер жауынан 19 ағаш құлады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда су тасқынын жою үшін жедел штаб құрылды. Жаңбыр жауа бастаған уақыттан бері «112» желісіне 70 шақырту түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, мегаполисте жаңбыр мен дауыл салдарынан 19 ағаш құлады. 1 автокөлік пен 1 үй зардап шекті.

«11 мамырдағы 20:30-дағы жағдайы бойынша нөсерлi жаңбыр салдарынан «112» желісіне жеке тұрғын үйлердің аула аумақтарын, көпқабатты көшелердің, жертөлелерін су басу туралы 70 хабарлама келіп түсті, оқиға орнына қызметкерлерді жібергенімен, оның ішінде 18 жағдай расталмады, 13 су басу фактісі жойылды, қалған учаскелер бойынша жұмыс жүргізілуде»,- делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжауынша, Алматыда жаңбыр алдағы үш тәулік үзіліспен жауады.

«12 мамырда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік- батыстан жел соғып, оның екпіні секундына 15-20 метрге жетпек. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын, жауын-шашын кезінде ғимараттар мен үй-жайлардан мүмкіндігіңізше шықпауға және көліктерді ағаштардың астына қоймауға шақырамыз», - деп хабарлады департаменттен.



Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT