USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Алматыда нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полицей жұмыстан қуылды

2021 жылғы 2 желтоқсан 19:33
Бөлісіңіз:
Алматыда нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полицей жұмыстан қуылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жол қозғалысы ережесін бұзған полиция қызметкері ішкі істер органдарынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаментінің тәртіптік комиссиясының шешімімен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің инспекторы, полиция аға лейтенанты К. Иманқұлов қызметінен босатылды.

Сондай ақ оның тікелей басшысы — взвод командирі де қызметінен кетті. Сонымен қатар, бөлімшенің тағы екі басшысына тәртіптік жаза қолданылды.

«Заң барлығына бірдей және қатаң сақталуы тиіс. Кездейсоқ адамдарға біздің қатарымызда орын жоқ: мұндай заңсыз әрекеттерімен олар ерте ме, кеш пе, өздерін көрсетеді. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызметке жүрек қалауымен келгендер ішкі істер органдарында қалады», - дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Сонымен қатар, полициядағылар жол қозғалысы ережелерін бұзған К.Иманқұловқа қатысты бес әкімшілік хаттама толтырылғанын атап өтті.

Еске салайық, бүгін Алматы мен Алматы облысы шекарасында нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкерінің видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT