Алматыда Нива қағып кеткен жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері Нива қағып кеткен жолаушының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Қапшағай көпірінде болған еді. 28 жастағы «Нива» жүргізушісі тыйым салынған жерден жүгіріп шыққан адамды қағып кеткен.

Дереу жапа шеккен адамды қарауға шыққан жүргізушіні жүйткіген Ланд Ровер қаққан. Алған жарақатынан жігіт сол жерде қаза тапты.
null 

Ал жапа шеккен жүргінші №4 ауруханаға түскен еді.

«Көлік қаққан жігіттің жағдайы өте ауыр. Қазір оның өмірі үшін дәрігерлер арпалысып жатыр», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Алматы полициясы аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

«Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптама тағайындалды», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар