Алматыда нитрат қосылған жемістер сатылуда - санитарлық дәрігерлер

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірқатар сауда орнынан алынған жемістерде нитрат көрсеткіші тым жоғары болған. Бұл туралы қалалық Товарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, мамандар Чилиден келетін жүзім мен Қытайдан келетін шабдалыда нитрат көрсеткіші өте жоғары екендігін анықтады.

Департамент басшысы Айзат Молдақасымованың айтуынша, жемістерде нитрат көлемі қалыпты жайда 60 мг/кг аспауы тиіс. Шабдалыда нитрат көрсеткіші 98мг/кг, ал жүзімде бұл көрсеткіш 81 кг/мг болды. Сонымен қатар сатушылар азық-түлікті жиналған күні, сақтау мерзімі, өндіруші туралы ақпаратсыз сатқан.

Барлығы 5 айда көкөніс жемістерден 72 сынама алынды.

Олардың 43%-ы қажетті регламентке сай емес болып шықты. Заңбұзушылықтардан соң 11 кәсіпкерлік субьектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 1 млн 22 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Департаменттен хабарлағандай, көкөніс жемістердегі нитрат көрсеткішін тек зертхана анықтайды. Ал сатып алушы тамақтың түр-түсі мен иісіне қарап ажыратса болады.

Соңғы жаңалықтар