+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда несие әперем деп жұртты алдаған алаяқ келіншек ұсталды

2014 жылғы 18 желтоқсан 10:49
Бөлісіңіз:
Алматыда несие әперем деп жұртты алдаған алаяқ келіншек ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда арзан ниесе әперем деп 4 адамды сазға отырғызып кеткен алаяқ келіншек ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Алаяқ әйел өзінің құрбандарын банк бөлімшелерінің алдынан торуылдаған.

«Олардың іші-бауырына кіріп, төмендетілген пайыздық көрсеткішпен несие алып берем деп алдаған. Ол үшін қомақты ақы алып, кейіннен тайып тұрған. Осындай бірнеше әрекеттен кейін адамдар полицияға арызданды», - деді қалалық ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ғазиз Нұрқаев.

Оның айтуынша, қазір күдікті ұсталды. Алайда, өзіне тағылған айыпты мойындар емес. Тергеу кезінде бір әйелдің нұсқауымен әрекет еткенін айтып, ақталғысы келеді.

Әзірге, осы әйелдің арбауына түскен 4 адам полицияға шағымданды. Алайда, жапа шеккендердің қатары көбеюі мүмкін.

Қазір құзырлы органдар күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

«Егер бұл келіншектің әрекетінен жапа шеккен адамдар болса, 254-48-03, 254-48-02 телефондарына хабарласуын сұраймыз», - деді Ғ.Нұрқаев.

2 3

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT