+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектебі Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

2020 жылғы 14 ақпан 20:38
Бөлісіңіз:
Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектебі Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қамқоршылық Кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
200-ден астам сот сарапшысы шетелде біліктілігін арттырды ҚР Президенті: Білім жүйесін жаңғырту мәселелері Ұлттық кеңес отырысының күн тәртібіне енгізіледі Нұрымбетов: Білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарына бейімдеуіміз қажет

Кеңеске «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы К. Шәмшидинова мен қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.

Отырыс барысында мектептің 2019 жыл бойынша даму қорытындысы шығарылды, сондай-ақ білім беру қызметтерінің сапасын одан әрі арттыру, материалдық-техникалық базаны жаңғырту жөніндегі жоспарлар қаралды. Бүгінгі таңда НЗМ Алматы филиалының оқушылары республикалық және халықаралық олимпиадаларға белсенді қатысады: 600-ге жуық оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, 358-і ғылыми жарыстар мен конкурстарда жеңіске жетті.


Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім беру тәжірибесін қалалық мектептерге тарату және барлық оқушылар үшін НЗМ технологияларының қолжетімділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Қаладағы 23 жетекші мектеп НЗМ жүйесі бойынша сабақ беруге көшті. Алматы әкімдігінің бастамасымен 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап пилоттық жоба аясында НЗМ стандарттары қаланың 8 шалғайдағы мектептерінде енгізілуде. №7, №195, №186, №193, №184 мектептерде семинарлар, шеберлік және ашық сабақтар ұйымдастырылды.


Сонымен қатар, физика-математикалық, инженерлік бағыттар бойынша және химия, робототехника, бағдарламалау саласында жаңа IT шешімдерін енгізу перспективалары талқыланды. Бұл шаралар оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және еңбек нарығының өзгермелі талаптарына дайындауға мүмкіндік береді.

Талқылау қорытындысы бойынша әкім орынбасары, Алматы қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қамқоршылық кеңесінің төрағасы Е. Бабақұмаров ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев атындағы мектептерде ұлттық білім беру сапасын арттыру үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңес мүшелері мектептің кабинеттік қоры мен ғылыми базасының жұмысын тексеріп, зертханалар, физика, химия, робототехника кабинеттері, оқу телестудиясы, оранжерея және кітапхананы көріп шықты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Білім, Әкімдік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT