+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Алматыда Назарбаев мектебінің 3 оқушысы коронавирус жұқтырды

2021 жылғы 9 мамыр 20:21
Бөлісіңіз:
Алматыда Назарбаев мектебінің 3 оқушысы коронавирус жұқтырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда физика-математикалық бағытта білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сыныбында оқитын үш оқушы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Матрица: Нұр-Сұлтан әлі де «қызыл» аймақта тұр Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 40 адам жазылып шықты Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 2 744 212-ге жетті

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, бұл жағдайлар 12-сынып арасындағы алғашқы емтиханнан кейін анықталған.

«Ауырып қалған оқушылар әртүрлі сыныптан. Олар 4-6 мамыр аралығында мектеп бітіру сынағын офлайн тапсырған. Алдағы 11, 13, 17 мамыр күндері тағы бірнеше емтихан өтеді деп жоспарланған. Дегенмен, осы жағдайға байланысты мектепте сынақ өткізу мәселесі толық шешілмей отыр» деп атап өтті сандәрігер.

Оның сөзіне сенсек, Назарбаев зияткерлік мектебінде ауырған балалармен байланыста болғандар - 8 мұғалім және 35 оқушы. Олар ПТР тест тапсырды, нәтижесі әлі шыққан жоқ.

Үш сынып карантинге жабылған. Мектепте дезинфекция жұмысы жүргізілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT