Алматыда Назарбаев даңғылының болашақтағы келбеті таныстырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Назарбаев даңғылын қайта жасау жоспары көпшіліктің талқылауына ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Даңғылдың болашақтағы келбеті сурет иллюстрациясы түрінде қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының сайтында жарияланды.    

Көбіне ғимараттардың қасбеті өзгеріп, тротуарлардың орналасуында өзгерістер пайда болмақ.

Ғимараттардың алды кеңейтіліп, жаяу жүргіншілерге арналған алаңдар, жасыл желек, веложолдар пайда болады.   

Осы сауалнама нәтижесіне сәйкес қоғамдық тыңдау жарияланбақ.

Қазіргі уақытта топографиялық түсірілім, эскиз жобалар жасалды.

 Ақпан айынан бастап эскизге сай көшедегі нысандардың демонтажы, көгалдандыру, тротуарларды, жауын суы ағатын арықтарды  қайта төсеу бойынша құзырлы органдармен келісу жұмыстары басталады.

Мұның алдында Сәулет басқармасы Абай және Төле би көшелерінің болашақтағы келбетін жариялаған болатын. 
null null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар