Алматыда наурыз жылы әрі жаңбырлы болады
Қыстың соңғы айының аяғында Алматыдағы күн райына циклон әсер етеді және атмосфералық ағындар жүріп өтеді деп күтілуде. 25 ақпаннан бастап кей жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. Түнгі уақытта температура минус 5-10 градус суықтан минус 2 - плюс 3 градусқа дейін өзгеріп отырады. Күндіз ауа температурасы 0-ден 3-8 градусқа дейін жылы болады.
Бұдан бөлек, көктемнің келуі де ұзақ күттірмейді. Наурыздың алғашқы күндері жауын-шашынсыз, ашық күн райы орнайды, бірақ әлі де ызғар сезіледі. Температура түнде 10-15 градус салқын, күндіз минус 2-ден плюс 3-ке дейінгі аралықты көрсетеді.
Біртіндеп көктемнің жаймашуақ күндері қыстың ызғарлы ауа райын алмастырады. Мереке күндеріне қарай түнгі температура 0-5 градус суық, ал күндіз 10 градус жылы болады.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, наурыз жылы әрі жаңбырлы болуы тиіс. Орташа температура мен жауын-шашын мөлшері нормадан сәл жоғары болады деп күтілуде.
Автор: Гүлзат Сахова