Алматыда Наурыз сән-салтанатымен өтіп жатыр - фоторепортаж

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылықтар Ұлыстың ұлы күнін бар сән-салтанатымен қарсы алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматыда таңертеңнен бастап Наурыз мейрамына арналған халықтық серуен өтіп жатыр. Жалпықалалық шараларға мыңдаған мегаполис тұрғыны мен қонақтары қатысуда.

Мерекелік шара «Астана» алаңында бастау алды. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Президент барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Басты сахнада көрермендер қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін барабан, дауылпаз бен қобызды қолдана отырып дайындаған театрландырылған шоуды тамашалады.


Театр қойылымдарымен қатар ретро мотивтер, сондай-ақ заманауи композициялар ұсынылды. «Бозторғай» балалар хоры Наурыз мейрамына арнайы жазылған қазақ және орыс тілдерінде «Бейбітшілік бүкіл әлемде» («Мир всем мире») әнін орындады.

Панфилов, Жібек жолы және Төле би көшелерінде 50-ден астам сәулет нысандары мен қондырғы орнатылды.

Жаяу жүргіншілер көшелерінде киіз үйлер тігіліп, қолөнер жәрмеңкесі, мейрамханалар аллеясы, суретшілер көрмесі мен балалар аймақтары ұйымдастырылды.

Көктемнің шуақты күнінде алматылықтар ұлттық киіммен көшеге қыдыруға шықты.

Сонымен қатар, қалада спорттық ойындар өтіп жатыр. Кез келген адам арқан тарту, кір тасы мен қошқар көтеру ойындарына қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып ала алады.

Айта кетейік, мегаполисте негізгі мерекелік шаралар 21-23 наурыз аралығында өтеді.

Қаланың барлық аудандарында 80-нен астам түрлі іс-шара жоспарланған.

21-22 наурызда Ғылым Академиясы ғимаратының алдындағы алаңда «Қазақ әуендері» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырады.


Соңғы жаңалықтар