Алматыда Наурыз мейрамының шығу тарихы жарық шоуы арқылы көрсетіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Наурыз мейрамының шығу тарихы жарық шоуы арқылы көрсетіледі.

Жаңа бастаманы Алматы қаласының Туризм және сыртқы байланыс басқармасы Filmation компаниясымен бірігіп Алматының 1000 жылдығын мерекелеу аясында көтеріп отыр.

«15 сәуірде 21:00 -де М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының алдында «Наурыз мейрамы» жарық шоуы өтеді. Наурыз мейрамы» жарық шоуы - аудиовизуальды шығарма, ғимараттың қабырғасында 3D-нің көмегімен жасалады. Видеомэппинг - заманауи көрнекі мультимедиалық технология. Үш құрылымды проекция мен инсталляция қабырғалар бойына қайталанбас көрініс жасайды. Шығарманың негізі - Наурыз мейрамының шығу тарихы, Ұлы дала мен Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері. Қойылым барысында қлттық саз ойнап тұрады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар