+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Алматыда Наурыз мейрамы кезінде теракт ұйымдастырмақ болған күдікті қолға түсті - ҰҚК

2020 жылғы 14 наурыз 13:03
Бөлісіңіз:
Алматыда Наурыз мейрамы кезінде теракт ұйымдастырмақ болған күдікті қолға түсті - ҰҚК

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының идеологиясын ұстанушыны қолға түсті. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

«2020 жылғы 13 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы қаласында «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанушыны ұстап, сот санкциясымен қамауға алды. Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде халық көп шоғырланған орындарда теракт дайындады деп күдіктелуде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан екі жауынгерлік граната алынды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255 (Терроризм актісі) және 258 (Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жалғасуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT