Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында жол қозғалысының маршруты өзгереді

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында жол қозғалысы маршруты өзгеретін болды. Бұл туралы қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Наурыз» мейрамын мерекелеумен байланысты автокөлік құралдары үшін Республика алаңындағы жол ішінара және толық жабылады.

Ал 18-19 наурыз аралығында Сәтбаев көшесі (Желтоқсан және Фурманов көшелерінің аралығы) ішінара, 20-22 наурыз аралығында Сәтбаев көшесі (Желтоқсан және Фурманов көшелерінің аралығы) толығымен жабылады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар