Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында қоғамдық қауіпсіздік шаралары күшейтілмек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қалалық қауіпсіздік сақшылары Наурыз мейрамы қарсаңында күшейтілген режимде жұмыс істемек.

«Алматы қаласында қауіпсіздік шараларын нығайту мақсатында мейрам қарсаңында жол полициясы, миграциялық, криминалдық полиция қызметкерлерінен құралған блок-посттар орнатылады. Қазіргі таңда жедел қызмет өкілдерінің қатысуымен сауда орындарында, бекеттер мен базарларда тексеру шаралары жүргізілуде. Жұмыс негізінен есірткі тасымалдары каналдарын жауып, «жеңгетайлық», жезөкшелік деректерінің жолын кесуге бағытталған», - деді қалалық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының басшысы, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Қазіргі таңда қалалық тәртіп сақшыларының қатысуымен 85 қылмыстың ізі суымай ашылды, 819 құқық бұзушылық, 130 ұсақ бұзақылық дерегі анықталды.

Жүргізілген тексеру барысында түнгі сағат 23:00-дан кейін қараусыз жүрген 21 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында жұмысқа 2000-ға жуық полция қызметкерлері жұмылдырылмақ. Сондай-ақ, 810 ішкі әскерде қызметін өтеушілер, 280 полиция көмекшілері атсалыспақ», - деп қорытындылады полиция полковнигі.

Соңғы жаңалықтар