Алматыда Наурыз күні Атлеттер ауылындағы пәтерлер берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Наурыз мерекесінде «Универсиада мұрасы» аясында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Атлеттер ауылында пәтер мен сертификаттар тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Пәтер алу кезегінде тұрған 2 мыңнан астам алматылық отбасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған болашағы зор жаңа ықшам аудан тұрғындарына айналды, олардың арасында 1 және 2 топ мүгедектері, жетімдер, ата-ана қарауынсыз қалған балалар, соғыс және еңбек ардагерлері, көп балалы және толық  емес отбасылар, дәрігерлер, мұғалімдер және басқалары бар. Сатып алынатын арендалық пәтердің бір шаршы метрінің құны 1036-дан 1126 теңгені құрайды, жалға беру мерзімі 20 жыл.

«Өткен жылы әлеуметтік жағынан аз қорғалған 3 мыңнан астам отбасы жаңа пәтер алды. 2017 жылы 3200-ден астам алматылық жаңа қонысқа ие болады, солардың 1700-ден астамы бүгін пәтер кілттерін алды. Дүниежүзілік Универсиада чемпиондарына есік ашқан жерге жаңа қоныстанушылар келді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Универсиада мұрасы» аясында 140 мыңнан астам оргтехника, атлеттер ауылындағы арнайы қондырғылар 500 әлеуметтік мекемелерге таратылды. 700 мыңнан астам арнайы спорттық және кәсіби қондырғылар қаланың спорт мектептері мен әлеуметтік нысандарына берілді», - деді Бауыржан Байбек.

Атлеттер ауылының аумағы 23 гектардан астам, мұнда 14 үй салынған. Видео бақылау, өрт қауіпсіздігі қарастырылған. Бұл кешенде ХҚКО, емхана, супермаркет, банк, пошта бөлімшелері мен полицияның тірек пункті жумыс істейді. Құрылыс кезінде тек отандық материалдар пайдаланылды.

Соңғы жаңалықтар