Алматыда Наурыз: қала сыртындағы көкмайсада 40 киіз үй тігілді (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар Наурызды тойлап жатыр. Қала сыртындағы көкмайсада 40 киіз үй тігілді.

Мейрамды «Казка» кәсіпкерлер қауымдастығы, Алматы бизнес қауымдастығы, «Тамшы» ғылым-білім қоры ұйымдастырды.

«Наурызды үш жылдан бері осылай ауқымды атап өтіп келеміз. Ол кезде 15 киіз үй тігетінбіз. Бүгін үйлердің саны 40-қа жетті. Мерекеге қонақ ретінде келген кәсіпкерлердің өздері үй тігіп жатыр. Бір қызығы, кірген адамдар қанша төлеу керек деп сұрайды. Қазақтар өте қонақжай халық. Қонақ күту - біздің дәстүрде бар», - деді «SPSE Kazakhstan» директоры Жәнібек Ахашев.

Жайлауда өткен мерекеде әр ұйым дастарханның байлығы мен үйдің еңселілігі бойынша бәсекелесті десек артық болмас.

Келушілер осыдан бірнеше ғасыр бұрынғы қазақы ауылға келгендей болды.

Ұлттық тағамдардан бөлек олар арқан тарту, тоғызқұмалақ, көкпар, қазақша күрестен бақ сынасты.
null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар