Алматыда науқастың туыстары дәрігерлерді ұрып-соқты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда науқастың туыстары жансақтау бөлімшесінің медициналық қызметкерлерін ұрып-соққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімшесінде болды.

«Олар өздерін туысы жатқан реанимация бөлімшесіне кіргізбегені үшін ұрып-соққан. Дәрігерлер науқастың жағдайын тұратандыру үшін реанимацияда болуды тағы бір күнге ұзартқан екен. Соған орай туыстары дәрігерлерге қол көтерген», - делінген медициналық мекеменің Facebook-тегі парақшасында.

Медицина қызметкерлерінің бұл шешімі науқастың туыстары көңілінен шықпаған. Олар тіпті «әкеміз қайтыс болды» деп күдіктеніп, дәрігерлер мұны жасырып тұр деп ойлаған. Осылайша олардың біреуі кезекшілікте отырған медбикенің кеудесін темір балдақпен бірнеше рет ұрған. Дәл сол құралмен бас мейірбикегеде шабуыл жасаған.

Ашуға бой алдырған науқастың қалған туыстары, медициналық қызметкерлердің қарсылығына қарамастан, жансақтау бөлімшесіне баса-көктеп кірген. Осылайша аурухананың ішкі тәртібін бұзған. Дөрекілік көрсетіп, әдепсіз сөздер айтып қорқытқан.

Соққы алып пен психологиялық күйзелісті бастан кешірген медицина қызметкерлері сотқа жүгініп отыр. Полиция бұл фактіні растады.

«Қазіргі уақытта бұл факті Наурызбай ауданындық полиция бөлімінде тергеліп жатыр. Ішкі істер бөліміне екі медициналық қызметкердің арызы түсті. Сот отырысы барысында дәрігерлер алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Факт бойынша тиісті шешім қабылданатын болады», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция Департаментінен.



Соңғы жаңалықтар