+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Алматыда НАТО-ның «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының 20 жылдығына орай Халықаралық конференция өтуде

2014 жылғы 9 қазан 12:59
Бөлісіңіз:

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда НАТО-ның (Солтүстік Атлантикалық Шарт Одағы) 1994 жылы қабылдаған «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының 20 жылдығына орай, «Бейбітшілік үшін әріптестік: ынтымақтастықтың сабақтары және оны болашақта дамыту» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

«Қазақстан көпвекторлы саясат жүргізеді. Көптеген халықаралық қауіпсіздік құрылымдармен ынтымақтасып келе жатқандығымыз соның айқын көрінісі. Сондай халықаралық ұйымдардың бірі - НАТО. Бұл ұйым 1994 жылы Еуропа және бұрынғы кеңестік республикалармен әскери ынтымақтастық орнату жөнінде «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдаралмасын қабылдаған болатын. Қазақстан оған сол жылы 27 мамырда қол қойды. Бұл жерде ынтымақтастық әр түрлі бағытта жүргізіледі. Солардың бірі - қауіпсіздік және ғылым саласы. Бүгінгі конференция сол 20 жылдық ынтымақтастықты қорытындылауға бағытталған», - деді өз сөзінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы НАТО туралы ресурстық және ақпараттық орталықтың директоры, профессор Құралай Байзақова.

Қазір аталмыш ғылыми-тәжірибелік конференцияға НАТО-ның Орталық Азия бойынша үйлестірушілері, ҚР Сыртқы істер министрлігі мен дипломатиялық корпустың өкілдері, Орталық азиялық және шет елдік сарапшылар қатысуда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті корпусында өтіп жатқан бұл басқосу ертең де жалғасын табады.

Айта кетелік, Солтүстік Атлантикалық Шарт Одағы - әлемдегі ең ірі халықаралық ұйымдардың бірі. НАТО Еуропа және Солтүстік Американың 28 мемлекетін біріктіретін саяси және әскери одақ. Бұл мемлекеттер қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері бойынша қарым-қатынас орнату үшін кездесіп тұрады. Осылайша НАТО аталмыш екі құрлық арасында саяси және кауіпсіздік мәселесі бойынша бірегей дәнекер қызметін атқарады.

Ал «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасына бүгінгі таңда 22 мемлекет кіреді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT