Алматыда Наталья Слекишинаның үкімі кейінге қалдырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №1 тергеу оқшаулағышында сотталушы Наталья Слекшинаның үкімін атқаруды кейінге қалдыру өтініші қаралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өтінішті Алматы облысы, Іле аудандық сотының төрағасы қарады. Өтініш ҚР ҚК 74 бабы негізінде (жас балалары бар әйелдердің жазасын кейінге қалдыру) қаралды.

Наталья Слекишина соттан 8 ай бұрын түрменің қабырғасында дүниеге келген кіші қызы кәмелет жасқа толғаннан кейін жазасын өтеуді сұраған. Сондай-ақ, әйелдің кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы бар. Оның айтуынша, балаларын әжесі тәрбиелеуде.

Слекишинаның айтуынша, егер сот жазасын өтеуді кейінге қалдырса, олар құрбысынң үйінде тұратын болады. Қазір кіші қызының екі өкпесі қабынған. Жақында ғана ауруханада емделді. Наталья Слекишина ұрлық жасағаны үшін 8 жылға сотталып, 2015 жылдың ақпан айында қамалды.

«Соттың шешімімен жазасын кейін өтеу туралы өтініш жартылай қанағаттандырылды. Алматы қаласы Алатау аудандық сотының 2015 жылғы 23 мамырдағы шешімі бойынша 2016 жылы туған жас баласының болуына орай Слекишинаның жазасы - 5 жыл мерзімге кейінге қалдырылды. Сотталушы Слекишина қатаң бақылауға алынады. Жазаланушының тәртібін қадағалау Алматы қалалық ішкі істер органына жүктелді», - деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қамауда жатқан Наталья Слекишина колония қызметкерлері тарапынан зорланған соң қыз босанып алғанын мәлімдеген болатын. Әйел азаматша өзін зорлағандардың жүктілігін жасырып, зорлау әрекетін жауып тастауға ұмтылды деп мәлімдеген еді. Сараптама - қылмыстық іске қатысты азаматтардың бірінің зорланған әйелдің тұқымының әкесі екендігін екендігін растады.

Әйел осыған дейін өзінің тергеу абақтысында қамауда жатқан кезінде зорлағандығын мәлімдеген болатын. Ол Алматы ҚАЖД-нің ЛА-155/18 мекемесінің 4 қызметкерінің қылмыс жасағандығын айтты. Хакимовтың 3 әріптесі күдіктіден куәгерге ауыстырылды. 2016 жылдың 30 қыркүйегі күні қылмыс жасады деп күдік келтірілген Алматы қаласының ҚАЖД-нің ЛА-155/18 мекемесінің күзетшісі Руслан Хакимовты мүлкін тәркілеп, 9 жылын жалпы режидегі колонияда өткізу жөніндегі үкім шығарылды.

Сондай-ақ ол әділет майоры лауазымынан айырылып, мемлекеттік қызметте өмір бойына жұмыс істей алмайтын болды. Оған өлтіремін деп қорқытып, аса қаталдықпен әйел зорлады, қызмет бабын асыра пайдаланды, бірнеше мәрте зорлық-зомбылық көрсетті деген айып тағылды.

Соңғы жаңалықтар