Алматыда наркологиялық диспансерге жаңа басшы тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Наркологиялық диспансерінің директоры тағайындалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа қызметке қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры қызметін атқарып келген Гүлсара Сүлейменова тағайындалды.

Қалалық әлеуметтік-медициналық түзету наркологиялық диспансері 1976 жылы құрылған. Орталықта есірткіге тәуелділіктің алдын алу, диагностика, емдеу, оңалту процедуралары қарастырылған.

Сондай-ақ, мұқтаж адамдарға көмек көрсететін стационар, емхана, зертхана мен сараптама бөлімдері бар.

Айта кету керек, осыған дейін орталықты басшының міндетін атқарушы орынбасары басқарып келген.

Соңғы жаңалықтар