Алматыда мыңнан аса мас жүргізуші ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 1 200-ден астам жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полицияның мәліметінше, жыл басынан бері шаһардың жолдарында алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік құралын басқарған 1 223 жүргізуші ұсталған. Анықталғандай, олардың 228-і бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғанандар.

«Өкінішке қарай, «Мас адам рөлде отыруы – қылмыс» аксиомасы өздерін мас күйінде басқаруға рұқсат беретін кейбір жүргізушілерге қатысты. Олардың жүргізушілік тәртібі, әрине, жақсы жағын ойлауға шақырады. Алайда, бұл қылмыс. Адамдардың өмірі мен денсаулығына шығын келтіреді. Осыған орай, мас күйінде көлік жүргізетін адамдарды анықтауға бағытталған күнделікті рейдтер өткізілуде. Патрульдік полиция полкінің жеке құрамы және әкімшілік полициясының мамандандырылған батальоны негізінен осы жұмысқа бағытталған», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Сонымен қатар, полиция жолдың қателіктерді кешірмейтінін еске салып, жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.


Соңғы жаңалықтар