Алматыда мыңға жуық жұмысшы қар тазалап жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қардың толассыз жауғанына бір тәулік болды. Болжам бойынша бүгін түстен кейін тоқтау керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таулы және тау бөктерлеріндегі аймақтарға 10-12, ал қалаға 6-8 см қар түсті.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберісіне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы қоспа себіліп, қар тазаланды. Көктайғаққа қарсы 243 тонна материал пайдаланылды.

Тротуар, жаяу жүргінші аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалтарыстарын, жер үсті өткелдерін және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жүргізіліп жатыр.

Қар тазалауға 395 арнайы техника, оның ішінде 136 құм шашатын техника бар, 965 жұмысшы жұмылдырылған.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалауды тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, жауын-шашын 22 сәуірде түсте саябырлайды.


Соңғы жаңалықтар