Алматыда мұздай қаруланған азамат ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлігінде заңсыз қару-жарақ сақтап жүрген азамат қолға түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек мәлім етті.

Оның айтуынша, кеше кешкі сағат 17:11-де Жұмабаев-Паладин көшелерінің қиылысында Жетісу аудандық «Боран-354» жол патрульдік экипажының қызметкерлері күдік туғызған Ниссан Сефиро көлігін тоқтатқан. «Тінту кезінде көліктің жүк салғышынан калибрі 7,62 мм «Сайга» маркалы аңшы карабині мен 3 травматикалық тапанша табылды. Мылтықтың нөмірлік белгілері өшірілгендігі әрі қарудың оқ салғышында 18 патрон бар екендігі белгілі болды. 1988 жылғы көлік жүргізушісі бұл қаруларды бір жерден тауып алып, полицияға өткізуге бара жатқанын айтып ақталды», - деді Салтанат Әзірбек. Сондай-ақ, көлік ішінде бірнеше адам бар екендігі белгілі болды. Қалалық ІІД баспасөз хатшысының айтуынша, қазір ҚР ҚК 251 бабы (қаруды заңсыз сақтау, тасымалдау, алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, көлік жүргізушісінің басқа да қылмыстарға қатысқан-қатыспағандығы тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар