Алматыда мұнаралық кран құлап, 49 жасар жұмысшы жараланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құрылыс нысанында мұнаралық кран құлап, 49 жасар жұмысшы жараланды.

Бұл туралы «Алматы қаласы құтқару қызметі» МКҚМ баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметі мәлімдегендей, құлаған құрылғының ішінде 49 жастағы ер адам болған. Құтқарушылар гидравликалық құрылғының көмегімен жапа шеккен азаматты алып шығып, жедел-жәрдем көлігіне дейін жеткізген. Қазір апат себебін құзырлы орган өкілдері зерттеуде.

Соңғы жаңалықтар