Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарға Универсиадаға арнап тігілген спорттық киімдер мен кәдесыйлар тарту етілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қуаныш сыйла» жобасы аясында «Алматы қаласы халықаралық спорттық жобалар дирекциясы» мемлекеттік қоры Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап қайырымдылық акциясын өткізді. Бұл жайында аталған басқарманың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қуаныш сыйла» қайырымдылық акциясының басты мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандарға қуаныш сыйлау. Сонымен қатар, жеке қаражатымыздан Универсиада-2017 халықаралық қысқы ойындарынан естелік ретінде спорттық киімдер, кәдесыйлар, кітапшалар, жалпы спорт жабдықтарын сыйлап отырмыз. Мақсатымыз бүлдіршіндерге байрақты бәсекенің қуанышын сыйлау », - дейді «Алматы қаласы халықаралық спорттық жобалар дирекциясы» мемлекеттік қорының директоры Ержан Айдарханов.

Айта кетерлігі, ұйымдастырушылар «Амаль-Иман» қоғамдық қорының ерекше балаларына қысқы студенттік ойындарға арнап тігілген спорттық киімдер мен кәдессыйлар тарту еткен болатын.

«Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына, сондай-ақ, Алматы қаласының әкімдігіне алғысымды білдіремін. Біздің қоғамдық қор ерекше жандардың жан-жақты дамуына барынша үлес қосуда. Әлеуметтік бағдарламалардың қолдауымен қызмет көрсетудеміз», - деп алғысын білдірді«Амаль-Иман» қоғамдық қорының директоры Ризвана Науметова.

Соңғы жаңалықтар