Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалар цирктегі ғажайыпты тамашалады

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақ мемлекеттік циркінде «Жаңа жыл ғажайыптары» қойылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараны тамашалауға мүмкіндігі шектеулі, жетім, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалар келді.
null 

Бүлдіршіндер белгілі ертегілер мен анимациялық фильмдердің кейіпкерлері алып трансформерлар, сиқырлы пони Пинки Пай мен Радуга, батыл Моана, Аяз ата мен Ақшақарды көрді. 
null null  null 

«Біздің аудиториямыз көбінесе балалар. Оларға не ұнайды? Оларға ертегі кейіпкерлері, анимациялық фильм кейіпкерлері ұнайды. Сіздер бүгін сапалы костюм, сапалы жұмыс көрдіңіздер. Цирк жанры - сәйкеспейтін жанрларды біріктіру болып табылады. Бұл - бірегей, оқиға желісін болжап болмайтын, цирк өнеріндегі барлық жанрларын біріктіретін қойылым-ертегі», - деді қоюшы-режиссер Марина Редько.

Айта кету керек, бүгін сахнаға ең жас әртіс - 6 жастағы Әлия шықты. Бүлдіршін 5 жасынан бастап гимнастикаға қатысып келеді. Оның ата-анасы Тұтқабаева Индира мен Оңалбаев Талғат осы цирк әртістері. Әлиядан үлкен тұңғыш ұлдары Данияр да бүгін манежде өнер көрсетті.   
null 

«Біз отбасымызбен циркте жұмыс жасаймыз. Екі баламызды да ақырындап баулып жатырмыз. Қызым туғалы бері денесінің иілгіштігі, буындарының жұмсақтығы  көрінді. Кішкентай кезінде шпагатта ұйықтап жата беретін. Сосын гимнастикаға бердік. Негізі дебют былтыр болуы тиіс еді. Былтыр өзі әбден қойылымның алдына келгенде шықпаймын деді», - деді анасы Индира Тұтқабаева.

Сонымен қатар Шабыт фестивалінің лауреаттары, бірнеше халықаралық байқаулардың жеңімпаздары Анна мен Ольга Демидова, Марина Стародубова өнер көрсетті.
null null null null 

Жаңа жылдық шоуға әлемдік цирк әртістері, үйретілген аю, ит, түйе, жылқы және понилар қатысады.
null null null 

Сиқырлы жаңа жылдық шоуды кәсіби сценаристер мен қоюшы-режисерлар, композиторлар мен суретші- модельерлер, хоеографтар мен балетмейстерлер, дыбыс және жарық режиссерлері дайындаған.
 null 
null 

Әртістердің өнері фантастикалық лазерлік арнайы әсерлермен, кәсіби сахналық жарық пен дыбыс, LED экрандағы бейнелеумен көркемделді.
null 
null 

Соңғы жаңалықтар