Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті. Шара «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Медеу аудандық филиалының ұйымдастыруымен өтті.

«Қазіргі таңда мүгедектерді жұмыспен қамтуға үлкен мән беріліп отыр. Бұл жәрмеңкеде жұмыс берушілер мен үміткерлер бетпе-бет кездесіп, бір-бірімен жақсы таныса алады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тек жәрдемақы ғана алмай, қоғамға белсене араласуы керек», - деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әміржан Нәбиев. Депутаттың айтуынша, Алматыда 45 мыңнан аса мүгедек адам өмір сүреді. Олардың 40%-ы жұмыспен қамтылған. Жәрмеңкеге 40 компания қатысты.

Соңғы жаңалықтар