Алматыда мүлік иелері бірлестігінің саны 700-ге жуықтады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қазіргі таңда 600-ден астам мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) құрылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы берген ресми ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда 671 жылжымайтын мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) тіркеліп, 2 757 жай серіктестік (ЖС) таңдалды.

Жиыны 3621 көппәтерлі тұрғын үйді (КТҮ) қамтитын 3 428 басқарудың жаңа нысаны құрылды.

Әкімдікте бұл бағыттағы жұмыстарда тұрғындар тарапынан белсенділік аз екенін атап өтті.

Сондықтан тұрғын үй саясаты басқармасында бірқатар түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«2021 жылдың басынан бері 2800 КТҮ қамтылған 950 кездесу өткізілді, колл-орталық жұмыс істейді, брифингтер, сондай-ақ БАҚ өкілдерімен кездесулер өтті. Басқарудың жаңа формасын таңдау бойынша іс-әрекеттер алгоритмінің брошюралары мен бейнематериалдары бар», - деп мәлім етті әкімдіктен.


Соңғы жаңалықтар