Алматыда мұқтаж жандарға көмек көрсететін волонтерлер штабы құрылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мұқтаж жандарға көмек көрсету бойынша қалалық еріктілер штабының жұмысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Штаб келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді: Абылай хан көшесі, 79 және Байтұрсынов көшесі, 22/1. Жұмыс уақыты – күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.

Штаб базасында жедел желі телефондары іске қосылды: +7 (727) 279 13 29, +7 (727) 225 49 01, +7 (705) 213 00 77. Олар бойынша көмек көрсетуге дайын және көмекке мұқтаж қала тұрғындары хабарласа алады.

Волонтерлер пунктінде мынадай бағыттар бойынша көмек көрсетіледі: консультациялық, психологиялық, заңдық, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және шұғыл желі телефонына келіп түскен өтініштер бойынша волонтерлік көмек.

Штаб жұмысына тәжірибелі волонтерлер мен қаланың ірі волонтерлік ұйымдары жұмылдырылды: Жастар ресурстық орталығы, «Қазақстан Волонтерлер лигасы» ҚҚ, «Жас Отан» ЖҚ, Алматы мейірімділік клубы, Lider.kz және тағы басқалар.

Демеушілік көмек көрсету мәселелері бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады: +7 747 540 01 40 - Бағдат, +7 707 438 77 33 - Нұрсұлтан.


Соңғы жаңалықтар