Алматыда мұқтаж жандарға азық-түлікті жеткізуге 100 волонтер жұмылдырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкерлер мен қарапайым қала тұрғындарына алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат т ілшісі.

«Мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкерлер мен қарапайым қала тұрғындарына алғыс айтамын. «Жаңа Алатау» қорының арнайы есебіне 257 млн-нан астам демеушілік қаражат түсті. Бүгінде соның 136 млн теңгесіне көмек көрсетілді. Соғыс ардагерлеріне, 1-3 топтағы мүгедектерге, аз қамтылған және көпбалалы, сондай-ақ жалғызбасты аналарға 12 мың азық-түлік себеті жеткізілді. Арнайы мектептер, интернаттар мен балалар үйлеріне азық-түлік және залалсыздандыру құралдары берілді»,– деп жазды қала әкімі Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ ол, Алматыда санитарлық қауіпсіздікті сақтау бойынша арнайы дайындықтан өткен 100 ерікті жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Алматыда санитарлық қауіпсіздікті сақтау бойынша арнайы дайындықтан өткен 100 ерікті жұмыс істейді. 16 наурыздан бастап шамамен 18 мың өтініш қаралды. Олар мұқтаждарға берілетін азық-түлік жиынтықтарын, дәрі-дәрмектер мен бірінші қажеттіліктегі заттарды өлшеп, орауға, оны жеткізуге көмектеседі. Сондай-ақ, ақпараттық-кеңес беру бойынша да қолдау көрсетіледі. Бізді алға жетелейтін үміт пен сенім. Қаламыздың қарапайым тұрғындары сол үміт отын жағып, қиындықты еңсеруге көмектесіп жүр», - деп толықтырды ол.


Соңғы жаңалықтар